Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі 1 тамыздан кейін қаралатын болды

1 523

Фото: istockphoto.comҮкіметте өткен брифингте Қазақстан халқының табысын арттыру жоспары таныстырылды. Оның бір тармағы ең төменгі жалақыны көтеру мәселесіне арналған,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

Аталған өзгерісті ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин таныстырған. 

“Ең төменгі жалақыны арттыру мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Біз оны көтереміз. Алайда бәрі бюджет мүмкіндігіне байланысты болады”, – деді вице-министр.

Азамат Әмриннің айтуынша, қазір 2027 жылға арналған бюджетті қалыптастыру жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін мамандарға 2025 жылдың қорытынды статистикалық деректері қажет. Бұл мәліметтер 1 тамызда белгілі болады.

“1 тамыздан кейін 2025 жылдың қорытынды статистикалық деректерін аламыз. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының нәтижелері де қолымызда болады. Осы көрсеткіштер 2027 жылға арналған бюджет кірістерінің болжамын қалыптастыруға негіз болады. Сондықтан бюджет ең төменгі жалақыны қаншалықты арттыруға мүмкіндік беретінін нақты түсінеміз”, – деді Азамат Әмрин.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.