Түркия: өлік сасыған қалада мәйіттер жууға келмейді
274
Түркияның оңтүстік-шығысындағы астанасы зілзаладан қатты зардап шеккен,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Зілзаладан кейінгі үйінділер астында әлі де көп адамның мәйіті жатқанын, егер қираған қалаларды тездетіп тазаламаса, түрлі инфекция таралуы мүмкін.
Қазақ жігітінің бейнежазбасы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде пайда болды. Онда ол құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, үйінді астында мәйіттердің тым көп екенін алға тартады.
Ал, Түркия азаматтарының айтуынша, бүгінде әрбір бұрышта шатыр тігілген. Шамасы келген адамдар өзге қалаларға бас сауғалап көшіп кеткен. Көшеде от жағып, суық күнде пешті паналап, жылынып бауырларын іздеп жатқан адамдар да көп. Халық зілзала болған күннен бері жуынбаған. Қалада ыстық су мүлдем жоқ.
Жақараттанған адамдарды тасыған жедел жәрдем көліктері де көп. Үйінді астынан аман шыққан адамдарды әскери ұшақпен сәт сайын әкетіп жатыр.

«Көптеген адам сұрап жатыр, неге маска киіп алғансыздар деп. Бірнеше себеп бар. Біріншісі, бұл қалалар қатты иістеніп жатыр. Себебі ғимараттардың астынан адамдардың денелері әлі табылмай жатыр. Екіншіден, қауіп бар екен, адамдардың денесін толық алып шықпаса, олардың денесі шіріп, инфекция таралуы мүмкін. Оба, холера сияқты аурулар таралуы мүмкін. Алла сақтасын. Жағдай өте қиын, мәйіттер өте көп. Имамдар мәйіттердің денелерін жууға келмейтінін айтып жатыр. Себебі, бәленбай уақыттан кейін табылғаннан кейін және өлі адамның денесін көп сақтаса, денесін жуғанда терісі сүйекке дейін сыдырылып, езіліп кетеді екен. Сол себепті жууға келмейді, жаназасын оқып, жерлеп жатырмыз дейді. Алла сақтасын. Әр күнімізді бағалайықшы, қазақ жастары», - дейді ер адам.
Ал, Түркия азаматтарының айтуынша, бүгінде әрбір бұрышта шатыр тігілген. Шамасы келген адамдар өзге қалаларға бас сауғалап көшіп кеткен. Көшеде от жағып, суық күнде пешті паналап, жылынып бауырларын іздеп жатқан адамдар да көп. Халық зілзала болған күннен бері жуынбаған. Қалада ыстық су мүлдем жоқ.
Жақараттанған адамдарды тасыған жедел жәрдем көліктері де көп. Үйінді астынан аман шыққан адамдарды әскери ұшақпен сәт сайын әкетіп жатыр.
Қала өлік сасиды, иіс тарап жатыр. Көптеген туысымнан айырылып қалдым. Халық пәтерлеріне бармайды, қорқып қалған. Құлағалы тұрған ғимараттар аз емес, олар адамдарға әлі де қауіп тудырып отыр. Халық барынан түгел айырылды. Күн салқын, егер ауа райы жылынса Кахраманмараш қана емес, бүкіл елге эпидемия тарайды, қазірден қауіп бар. Онсызда тамақсыз, үйсіз қалған, қалжырап шаршаған халық эпидемиядан қырылып қалады. Шұғыл шаралар қабылдау керек. Ал көкейіміздегі сан түрлі сұрақтарға жауап алу мүмкін емес,
деді «И» партиясының мүшесі, саясаткер Ахмад Юсуп.
деді «И» партиясының мүшесі, саясаткер Ахмад Юсуп.