Қазақстанда өлген адамның көктасына QR қойылмақ

778
Өлген адамның құлпытасына QR-код қойылған бейнежазба желіде қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бейіт басын аралап жүргендердің видеосын танымал блогер Дәулет Мұқаев өзінің
Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда құлпытаста тұрған QR-кодты көруге болады.

Сол QR-код арқылы марқұмның жеткен жетістікерін, тіршілігінде кім болғаны және қандай қызметтер атқарғаны туралы толық мәліметті біле аласыз. Алайда бұл жаңашылдық желі қолданушыларының көбін тіксінтіп тастады.

Туыстары жетістіктерін онсыз да біледі ғой. Бөтен адамға оның керегі қанша?", "Телефон нөмірін жазып қоятын шығар бір куні. Хабарласып, хал-жағдайын сұрай аласыздар деп!", "Өлген соң оның барлығының не керегі бар? Жетістігі не, өмірде қандай болғанының керегі не? Артында құранға қол жаяр ұрпағы болса — сол игі!", "Инстаграм парақша ашып қоятын шығар бір күні, — деп жазды желі қолданушылары.