Шенеуніктердің өзге тіл сөздерін қолдануына тыйым салынды
1 519
Ресей басшысы Владимир Путин ел шенеуніктеріне сөйлегенде және ресми құжаттарда шет тілдік сөздерді пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі туралы" заңға түзетулер енгізілуде. Заң нормалары барлық меншік нысанындағы ұйымдардың ресейліктермен ресми қарым-қатынастары мен ресми хат алмасулары үшін, мемлекеттік және муниципалдық ақпараттық жүйелер үшін, сондай-ақ тауарларды тұтынушыларға арналған ақпараттар үшін міндетті болатыны атап өтілген.
Құжатта орыс тілін шет тілімен шұбарлата сөйлеуден қорғау керектігі айтылған. Тек орыс тілінде аналогы жоқ сөздерге ғана қолдану рұқсат етілген.
Аналогы жоқ шетел сөздерінің тізімі арнайы сөздіктер мен анықтамалықтарда жарияланатын болады. Оларды орыс тілі жөніндегі комиссияның ұсыныстары негізінде үкімет бекітпек.