Мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс жасаған

1 527

© Sputnik / Болат ШайхиновМаңғыстау облысының білім басқармасы тарапынан білім ошақтарында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.


Былтыр және биыл жүргізілген осы жұмыстардың нәтижесінде 60 мұғалімнің жалған дипломмен бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келгені анықталған. Oблыстық білім басқармасының хабарлауынша, олардың барлығы жұмыстан босатылып отыр.


"Облыс педагогтерінің дипломдарын анықтау мақсатында жоғары оқу орындарына және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жолданды. Сонымен қатар мұғалімдердің жұмыс кезеңіңдегі қаражатты мемлекеттік бюджетке кері қайтару үшін сот органдарына шағым түсті", - деп жазылған білім басқармасы таратқан ақпаратта.



Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.