Шешіндірмек болған: СҚО-да бойжеткенге шабуыл жасады деп күдіктелген ер адам ұсталды

456

Фото: pixabay.comПетропавлда белгісіз ер адам көп қабатты үйдің кіреберісінде бойжеткенге пышақпен тап беріп, шешіндірмек болған. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі полицейлердің күдіктіні ұстағанын мәлімдеді.

Зардап шегушінің айтуынша, 5 сәуір күні белгісіз ер адам өзіне пәтерінің кіреберісінде тап беріп, тамағына пышақ кезеп, шешіндіре бастаған. 

Бойжеткен қарсылық көрсетіп, айқайлаған сәтте оның дауысын естіген көршісі көмекке келіп, құтқарып қалыпты.
 Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орын алған күннен бастап екі тәулік ішінде күдіктіні ұстаған. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұрын бірнеше рет сотталған 49 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны күдікті ретінде ұсталған. Ол полиция бөліміне жеткізілген. Аталған факті бойынша тергеу басталды. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.