Ұшақ апатынан 4 адам қаза болды

372

Фото: pixabay.comАлдын ала мәліметке сәйкес, Алматы қаласында  орын алған ұшақ апаты салдарынан төрт адам қаза болып, екі жолаушы зардап шеккен.
Министрліктің мәліметтеріне сәйкес, 13 наурыз күні сағат 17.25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметі Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы AH-26 әскери ұшағы 17.22-де радардан жоғалып, оңтүстік астана әуежайына апатты жағдайда қонғанын хабарлады. 
Оқиға орнында Алматы ТЖД, Алматы облысы ТЖД, әуежай қызметі, ҚР ТЖМ РЖҚЖ, "109" құтқару қызметі атынан 45 адам мен 15 арнайы техника жұмыс істеуде. 
Ұшақтағы өрт сөндірілді. Оқиға орнына Алматы қалалық әлеуметтік денсаулық басқармасының 10 жедел жәрдемі барды.
 "Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақ апатынан 4 адам қаза болып, екі адам зардап шеккен. Олар Алматыдағы 4 қалалық клиникалық ауруханаға жіберілді", - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.