Қыз-келіншектер мерекеде алған гүлдерін жаппай сатып жатыр

1 542

Фото: СкриншотҚыз-келіншектер 8 наурыз мерекесіне орай сыйға алған гүлдерін жаппай сатып жатыр, - деп хабарлады "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Жеке жарнамаларға арналған olx.kz сайтында жаңа және қолданылған гүлдердің сатылатыны туралы хабарландыру көп. Мәселен, сайттың орыс тіліндегі нұсқасында 1 мыңнан астам, ал қазақтілді нұсқасында 500-ден астам гүл сатылатыны туралы жарнама орналастырылған.


Сатылымға шығарылған гүлдердің басым бөлігіне «қолданылған» деген белгі қойылыпты. Қолданылған гүлдердің барлығы дерлік бүгін таңертеңнен бастап сатылымға шығарылған. Олардың арасында базардан алынған гүлдермен қатар элиталы сауда орындарынан алынған букеттер де бар.


Мәселен, 25 тал раушан гүлі 8 теңгеге бағаланған. Ал дәл осындай букеттің бағасы кеше 20-25 мың теңге болған еді. Жалпы жарнама сайтындағы қолданылған гүлдердің бағасы - 3 мың теңге мен 35 мың теңгенің аралығында.


Осыған орай жарнама иелерінің бір-екеуіне хабарласып та көрген едік.


«Кеше сүйіктім мерекеге орай қымбат гүл шоғын сыйға тартқан еді. Ойлана келе арзандау бағаға сатайын деп шештім. Мүмкін, кеше сүйіктісіне гүл алып үлгермеген не бүгін жақындарының біріне гүл іздеген біреу сатып алып қалар. Букет өте әдемі, сол қалпында», - деді Сымбат есімді бойжеткен.