Қызылордадағы ең ауқымды сауда орны

1 548

Қызылордадағы «Aray City Mall» сауда, ойын-сауық орталығының ашылғанына – 5 жыл, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шаһардың сәулетіне сән қосқан ғимараттың басқа сауда орындарынан ерекшелігі неде? Кәсіпкерлік нысан саланың дамуына қаншалықты ықпал етті?


Әлемдік брендтердің «басын қосты»

«Aray City Mall» ойын-сауық орталығының құрылысы 2016 жылы басталып, 2018 жылы ел игілігіне берілді. Орталықтың аумағы – 30 мың шаршы метр. Осы кезге дейін сауда орны 15 миллионға жуық адамға қызмет көрсетті. Сауда жасауға әрі демалуға арналған орталықтың ашылуы қала тұрғындарын қуантқан елеулі жаңалық болды. Осылайша брендтік өнімді ұнататындар үшін Қызылордада таңдау жасау мүмкіндігі туындады. Бұрын Алматы, Астана, Шымкент секілді мегаполистерге қызығудың бір себебі ірі сауда орындарының болуында еді. «Aray City Mall»-да еліміздегі ең ірі гипермаркет сауда желісінің бірі «Magnum Cash&Carry» 2018 жылы ашылды. 2019 жылы ғана «Aray City Mall» толықтай жұмысын бастады. Тәулік бойы қызмет ететін «Magnum» сауда желісінің ең үлкені Алматы қаласында, көлемі 11 мың шаршы метр болса, одан кейінгісі (8 мың шаршы метр) Қызылордадағы филиалы. Мұндағы дәріхана да келушілерге 24 сағат бойы қызмет көрсетеді. Ал, екінші қабатта соңғы үлгідегі заманауи технологиямен жабдықталған 8 залы бар Қазақстандағы кино желісінің бірінші нөмірлі операторы Kinoplexx орналасқан. Кинотеатрдың кең залы, жайлы орындықтар, қызықты кино тізімі жастардың «Aray City Mall»-ға жол тартуына негізгі себеп болып тұр. Сондай-ақ орталықта әлемдік деңгейдегі «LC Waikiki», «Flo», «Детский Мир», «Спорт Мастер», «O’stin», «Kari» брендтерінің дүкендері бар. «Бургерлердің атасы» делінетін америкалық Burger King-те осында орналасқан. Иә, екінші қабаттың көп бөлігін, фуд-корт тамақтану алаңы алып жатыр. Мұнда еліміздегі әйгілі фудбрендтер дәмді және тез дайындалатын тағамдар ұсынады. Ал отбасылы жандардың да мұнда жиі келуінің басты себебі – кішкентайларға қызық ойын алаңы «Funky town» болып тұр. Сонымен, «Aray City Mall» – бірқатар әлемдік брендті бір нысанға жинаған Қызылордадағы ең ауқымды сауда орны.


Жергілікті кәсіпкерлерге қолдау бар

Орталық 2019 жылы жұмысын 50-ге жуық кәсіпкермен бастады. Бүгінде олардың саны 120-дан асты.


"Бұл көрсеткіш кәсіпкерлерге жайлы орталық болғанымыздың дәлелі. Сауда орнын сұрап, Ресейден, Астана, Алматы қалаларынан хабарласатын кәсіпкерлер бар. Бірақ біз бірінші кезекте жергілікті кәсіпкерлердің сұранысына басымдық береміз. Өйткені бизнес бастаған қызылордалықтар кәсібін дамытса екен деген ниетіміз бар. Жалпы серіктестерімізге уақытылы қызмет көрсету, халықпен мәдениетті жұмыс істеу, имиджге нұқсан келтірмеу турасында талап қоямыз", – деді орталықтағы «Қоғаммен байланыс» бөлімінің басшысы Ерболат Тұрсынқожа.


Бізге әсіресе «жергілікті кәсіпкерлердің ұсынысына бейқам қарамаймыз» дегені ұнады. Себебі, қызылордалықтар кәсібін «Aray City Mall»-да бастап, әрі қарай танылып, жеке орталық ашып жатса, қаладағы кәсіпкерліктің дамуына бұл да бір қолдау болмақ.


Қоғамдық орын мәдениетті қалыптастыруда

Мұндай ауқымды сауда, ойын-сауық орталықтарының әр қалада болуы маңызды. Адамдар жиі бас қосатын қоғамдық орын қала мәдениетіне де едәуір ықпал етеді. Әртүрлі әлеуметтік топтағы тұрғындар мен қала қонақтары жиналатындықтан, бір-біріне қарап ой түйетіні, талғам қалыптастыратыны рас. Айта кетерлігі, мұнда мезгіл сайын атриумдағы декорация өзгереді.


"Әр мерекеге сай интерьерді ғана емес, ішкі музыканы да өзгертіп қоямыз. Әдемілікпен қатар мағыналы әуен де адамдарға рухани тұрғыда әсер етеді. Әсіресе, жанымызға жақыны – 22 наурыз мерекесі. Ұлыстың ұлы күнінде бауырсақ пісіріп, концерт ұйымдастырып, барлық қызметкер қазақы нақыштағы киім киіп, күллі Шығыс жұртына ортақ мерекені ерекше атап өтеміз. Көпшілік жиналатын орын болғасын әр мерекенің өзгеше форматта өтуін алдын-ала ойластырамыз. Сондай-ақ қала әкімдігі, «Қоғамдық келісім» КММ, орталық музей, оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен жұмыстар атқарудамыз. Қала тұрғындары үшін пайдалы әрі қызықты іс-шаралардың ұйымдастырылуына, көпшіліктің жиналуына қолдау білдіру маңызды", – деді Ерболат Тұрсынқожа.


Бір қарағанда, тек сауда-саттыққа бағытталған нысан көрінгенімен, мұндай орталықтардың экономикалық жағдайға, тұрғындардың мәдени дамуына қосар үлесі зор. «Aray City Mall» туралы жазу барысында осындай ойға келдік. Сондықтан сауда орны басшылығының санды ғана емес, ұлттық сана мен сапаны алдыңғы орынға қоятыны қуантты.


Сауда орталықтары – әдетте ірі коммерциялық құрылымдар, холдинг компаниялары түрінде жасалған. Оның құрамына өндірістік кәсіпорындар, транспорттық, сервистік, делдалдық және тағы басқа фирмалар кіре алады. Шетелдік сауда орталықтар көбінесе трансұлттық бірлестіктерді ұсынады. Холдинг басында әдетте қуатты қаржылық топ тұрады және сол топ саудалық үйінің болашаққа сауда стратегиясын анықтауды. Ірі сауда орталықтары айрықша тұтыну тауарлардың кең номенклатурасына мамандануға ұмтылады. Олар жүздеген елдер мен қалалардағы ірі ондаған дүкендерді бақылайды. Сауда орталықтарының құрылымы күрделі және әр алуан болып келеді. Сауда орталықтары холдинг мүшесіне кіретін дәстүрлі жабдықтаушылардың тауарларын сатып ала алады. Сонымен қатар сауда орталықтары басқа елдердегі өз өкілдері арқылы тәуелсіз жабдықтаушылармен толық не болмаса кредит арқылы, лизинг түрінде келісім-шарттарға отыру мүмкіндігі бар.


Сауда орталықтары көп дәрежеде өз тәжірибелерінде логистика ғылымын да жиі қолданады. Өйткені соның арқасында олар тауарлардың транспорттық ағымдарын ықшамдайды, өнім қоймаларының көлемін таңдайды, сонымен қатар тауарлардың өтімдік қозғалысын бақылайды. Тәжірибеде ірі сауда орталықтарының көбі өз холдинг құрамында сақтық компанияларын ұстайды, солар арқылы алып коммерциялық құрылымның қаржылық тепе-теңдігін ұстап қалуға ұмтылады. Саудалық орталықтар өз шығындарын тауардың сатып алынған мен сатқан бағаларының арасындағы ақшалай айырмашылығының жиынтығы арқылы жабады. Сондықтан басқарудың басты міндеті сауда орталықтардың құрамында артық бөлімшелердің орнамауын қадағалайды. Нарықта тиімділікке жету үшін сауда орталықтарының бір тұтас қаржылық жоспары болуы керек.