Алматыда ер адам 28 жастағы әйелді еш себепсіз ұрып тастаған
Алматыда белгісіз ер адам 28 жастағы әйелге шабуыл жасап, ұрып тастаған. Оқиға 16 тамызда Медеу ауданында болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Соққы салдарынан әйелдің қабағы жарылып кеткен.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері аталған деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді. Қазір "Бұзақылық" бабымен тергеу жүріп жатыр, ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қаз
Рус






