Алматыда ер адам 28 жастағы әйелді еш себепсіз ұрып тастаған

298

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматыда белгісіз ер адам 28 жастағы әйелге шабуыл жасап, ұрып тастаған. Оқиға 16 тамызда Медеу ауданында болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Фото: видеодан скриншотСоққы салдарынан әйелдің қабағы жарылып кеткен. 

"Басынан ұра бастады, қабағы жарылып кеткен. Сосын әрі қарай жүгіріп кетті. Полицияға бірден шағым түсірдік, бірақ бейнебақылау камераларын тексерген жоқ. Оның түрін есімде сақтап қалдым. Оқиға орнына полициядан ешкім келген жоқ, куәгерлерден жауап алмады", – деді зардап шеккен әйел. 


Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері аталған деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді. Қазір "Бұзақылық" бабымен тергеу жүріп жатыр, ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.