12 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандық жемқор Мәскеуде ұсталды

306

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мәскеуде жемқорлық қылмысын жасады деп күдікке ілініп, халықаралық іздеуде жүрген Болат Алтынбеков ұсталды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, ведомствоның елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековті халықаралық деңгейде іздестірген.

"Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресейдің құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және ҚР ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбековті ұстап, қамауға алды", - деп жазылған хабарламада.

Ол тергеу органдарынан жасырыну үшін өзінің тегін «Алшер» деп өзгерткен. Бүгінде оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі басталды.


Айта кетейік, Болат  Алтынбеков "Астана Трейд Интернешнл" құрылыс компаниясын басқарған. Компания  "Золотой", "Сезам", "Фортуна", "Каминный", "Эдем-Палас", "Олимп-Палас" тұрғын үй кешендерін салған. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.