Қазақстан "қызыл аймаққа" өткенде қандай жағдайда маска тағу міндеттеледі?

260

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Жанар Оразалина көлік нысандарындағы коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Фото:ДСМҚұжатқа сәйкес өңір эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес тәуекелі төмен ("жасыл аймақ") және орташа ("сары аймақ") аймақта болса, халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары), ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды қолдануды ұсынылады. 

"Өңір тәуекелі жоғары аймаққа ("қызыл аймаққа") ауысқан кезде халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары), ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде тағуды қамтамасыз етсін", – делінген қаулыда.


Бұдан бөлек тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйым басшылары көлік құралдарындағы ауа баптау, желдету жүйелірін тексеружәне желдеткіш сүзгілерді ауыстыруды қамтамасызщ етуі керек.