ҚЫЗЫЛОРДАНЫ ҚУАҢШЫЛЫҚ КҮТІП ТҰР МА?
1 992
Орталық Азиядағы әлеуетті өзен саналатын Сырдария бүгінгі күні тартылуда. Жылдан-жылға арнасы кішірейген Сырдария өзенінің ахуалы соңғы бірнеше жылда дүйім елді алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сырдария – Орта Азиядағы Әмудариядан кейінгі ірі өзен. Қызылорда облысына тиесілі Сырдария өзенінің Шардара су қоймасынан бастап, Аралға дейінгі аралығын қамтып отыр. Сырдарияның бойында 4 су қоймасы салынған: Тоқтағұл (Қырғызстан), Қайраққұм (Тәжікстан), Айдаркөл (Өзбекстан), Шардара (Қазақстан).
Дүйім жұртты жаға ұстатқан Сырдың суы сылқ етіп арнасынан түсті. Осыдан бір ай бұрын облыс әкімінің қызметін атқарған Гүлшара Әбдіхалықова өзеннің толғандығын келіссөздің жүргендігін жариялап, арнасынан көтерілгендігін айтып бір қуантқан болатын.
Расында өзен суы өткен айда біраз толған еді. Тіпті сол арқылы облыс аумағындағы бірнеше көлге су жіберген болатын. Десек те, қуанышымыз ұзаққа созылмады. Қайта тартылған Сырдың суы мен Аралдың жайы бүгінде жаһан назарында тұр. Соңғы күндері Сырдарияның суы сарқылып, құмға сіңген судай жоғалып барады. Бұрындары дарияның түбі терең болатын, ал қазір мүлде таяз болып кеткен. Оның үстіне жоғары жақтан келетін су дарияның тереңдігімен сәйкес келмейтіндігі тағы бар. Су тапшылығы аймақтың экологиясы мен ауыл шаруашылығына айтарлықтай зардабын тигізетіндігі хақ.
Естеріңізге сала кетсек, алдыңғы жылдары Сыр өңірінде дария суы азайып, салдарынан суармалы егісте су тапшылығы қатты байқалған болатын. Әсіресе, жергілікті өніміміз күрішке байланысты мәселелер туындаған еді. Ал, үстіміздегі жылы жүргізілген келіссөздің нәтижесі қандай? Алдағы уақытта өзен арнасы толып, қалпына келеді ме? Бүгінде қанша текше метр су келуде? Көкейдегі көп сұрақты жауапты мамандарға қойған едік. Бұл туралы «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария Бассейндік инспекциясы» ММ:
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Қазіргі таңда жағдай бірқалыпты. Негізінде былтыр, биыл су аз берілуде. Шардара 250 текше метр, ал Көксарай 300 текше метр су жіберіп отыр. Жалпы алғанда шекарадан секундына 550 текше метр су келуде. Оның үстіне каналдар және Әйтек пен Қазалыға да су берілуде. Сол себепті дарияның ортаңғы шегінің тартылуы орын алуда. Алдағы уақытта дарияны қайта толады деп айту қиын, Шардара су қоймасына түсіп жатқан судың мөлшері аз, сондықтан су арнайы мөлшерімен жіберілуде. Ал, дарияның арнасы бұдан төмен түспейді, қазіргі таңда белгіленген жерде тұр.»,- деп сендірді Сейілбек Серғазыұлы.
Ал Қызылорда тұрғындары үшін биылғы жылдың қалай болатыны белгісіз. Сонымен Сырдарияның суы осы қалыпта қалуы екі талай. Сырдария тартылса, онымен бірге Сыр бойындағы елдің тыныс-тіршілігі де тарылып, тұрғындардың жағдайы қиындап кетуі әбден мүмкін.АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ