Мектептің жанынан қыз баланың мәйіті табылды

1 233

Фото: скриншотАстанада мектептің жанынан қыз баланың мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға 10 қыркүйекте болған. Жергілікті тұрғындардың бірі - адам мәйіті мектептен 50 қадам жерде табылғанын жазды. 

Жазба авторының сөзінше, қаза тапқан - 2010 жылғы қыз болуы мүмкін.

Бұл дерекке қатысты Полиция департаменті пікір білдірді.  

"Кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Оны зерттеу барысында зорлау белгілері табылмады, өлім себебі анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.