Мешіт қызметкері екі жасөспірімді аяусыз ұрып-соққан

1 531

Фото: ©Желі кадрларынан скринКәмелетке толмаған балалардың бірі соққы салдарынан жарақат алған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға "Нұр Ғасыр" орталық мешітінде болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, мешіттің 38 жастағы қызметкері Бауыржан Оралов 15 жастағы жасөспірімді ұрып-соққан. Кейін оқиғаға байланысты тағы бір кәмелетке толмағанның да жәбірленуші ретінде танылғаны белгілі болған. Жасөспірімдер мұнда тарауық намазына келген. Намаздан кейін жасөспірімдердің бірі аяқ киім арасынан кроссовканы көріп, досына көрсеткен де, қайта орнына қойған. Мұны мешіт қызметкері Бауыржан Уралов көріп, балалар ұрлық жасамақ болды деп ойлаған. 

Іс материалдарына сәйкес, Уралов жасөспірімдердің бірін ұрып, араша түскен 15 жастағы баланы да аяусыз соққыға жыққан. Ер адам жасөспірімді жерге құлатып, басынан бірнеше рет тепкен. Оқиға мешіттегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жәбірленуші есінен танып қалған. Дәрігерлер оған орташа дәрежелі ми шайқалуы мен ми жарақатын анықтаған. Ол ауруханада 20 күннен астам уақыт жатып, кейін бірнеше ай ем қабылдаған.

Қазір Бауыржан Оралов қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) және 293-бабы 2-бөлігі (Ауырлататын мән-жайларда жасалған бұзақылық) бойынша айып тағылған. Дегенмен мешіт қызметкері де жасөспірімдердің үстінен арыз түсірген.

"Ақтөбе қаласындағы "Нұрғасыр" мешітінде екі кәмелетке толмағанға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды", – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі таңда іс соттың қарауына жіберілген. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.