Ер адам жүкті әйелін досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген
419
Қарағандылық ер адам жүкті әйелін сабап, досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Не молчи» қорына зардап шеккен әйелдің туысы шағымданған. Айтуынша, 8 ай бұрын оның сіңілісін азаматтық некедегі күйеуі аямай ұрып-соққан. Ол тіпті пышақ жұмсап, өлтіремін деп қорқытқан. Әйелді түнімен қинаған.
Келесі күні күйеуі үйге досын ертіп келіп, әйелін онымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлемек болған. Бұл әрекеттен бас тартқан келіншекті азғын қолына түскен заттармен ұрып, қан-жоса қылған.
Дегендеріне жеткен соң олар келіншекті «ешкімге айтушы болма» деп қорқытып, кетіп қалған. Зардап шегушінің туыстары бұл жағдай бойынша полицияға арызданған. Олардың айтуынша, қылмыстық іс бірнеше рет қозғалып, кейін қайта жабылған.
Ал Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшылары сараптама және жинақталған материалдардың қорытындысына сәйкес заңды процессуалдық шешім қабылданады деп отыр. Сондай-ақ бұған дейін жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зақым келтіргені үшін әкімшілік соттың шешімімен күдікті 20 тәулікке қамауға алыныпты.

Құрсағымдағы 6 айлық баланы аман алып қалу үшін тек ішімді қорғадым. Бастан тиген соққылардың санын білмеймін. Досы бәрін көріп, диванда күтіп отырды. Ақырында күйеуім айтқанын орындатты. Онымен қоймай, бүкіл әрекетті ұялы телефонына түсіріп алды,- деп жазады келіншек.
Дегендеріне жеткен соң олар келіншекті «ешкімге айтушы болма» деп қорқытып, кетіп қалған. Зардап шегушінің туыстары бұл жағдай бойынша полицияға арызданған. Олардың айтуынша, қылмыстық іс бірнеше рет қозғалып, кейін қайта жабылған.
Ал Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
26 жастағы тұрғынға азаматтық некедегі жолдасының сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетуі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында екі жақтан жауап алынды. Енді олардың дәйектері тексерілуде, - дейді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.