12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды

1 521

Фото: Depositphotos.comАлматы қаласында 12 жастағы баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы оқиға 10 маусым күні Түрксіб ауданында болған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, жасөспірімге бірнеше рет пышақ жарақаты салынған. Оқиға туралы алғаш болып баланың әпкесі әлеуметтік желіде жазба жариялаған.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі растаған. Ведомствоның мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 13 жастағы қала тұрғыны ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бір-бірін бұрыннан таныған. Тергеудің бастапқы нұсқасына сәйкес, қайғылы жағдай кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында болған. Қазір күдікті арнайы мамандандырылған мекемеге орналастырылған.

Полиция аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары тергеу қорытындысына сәйкес күдіктінің ата-анасының бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындау мәселесін де қарастыратынын мәлімдеген.

Қазір іс құқық қорғау органдарының бақылауында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.