7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт шықты

1 670

Фото: shutterstock.comТүркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі операция жасады. Ақ халаттылар 7 жастағы баланың бауыр тұсынан бір уыс құртты алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас оқушы 10 мамыр күні Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел түрде ауыстырылған. Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томографиялық, ультрадыбыстық зерттеуден өткізіп, толық тексеру жасаған. Ақ халаттылар операция алдында екі күн науқасты дайындап, бақылап отырған.


«13 мамыр  күні аурухананың білікті хирургы, бас дәрігердің орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы 7 жастағы балаға күрделі отаны сәтті жасады. Операция кезінде бауыр тұсынан  15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шыққан»,-деді басқармадағылар.


Бала 18 мамыр күні ауруханадан шығарылды. Қазіргі таңда жағдайы жақсы.


Мамандардың айтуынша, аталмыш ауру ит, мысық және төрт түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіреді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.