Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім жиырмасыншы қабаттан секіріп кетті

371
Ақтөбеде жасөспірім 25 қабатты үйдің 20-қабатынан секіріп кетті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 18 қазан күні, сағат 18.45-те Ақтөбе қаласында тіркелді.

13 жасар қыз 25 қабатты үйдің 20-қабатындағы кіреберістің балконынан секіріп кеткен.



Қала тұрғыны полиция бөліміне хабарласып, 11-шағын ауданындағы № 112 «В» үйінің кіреберісінде кәмелет жасына толмаған қыздың жатқанын айтқан.

Полиция үйдің  алдынан 2008 жылы туған жеткіншектің денесін тапты.

«Кәмелетке толмаған бала алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қаза болды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қазір Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.