17 жасар қызды туған анасы жезөкшелікпен айналасуға мәжбүрлеген

1 556

Орал қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға азғырған, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға алдап әкелген 35 жастағы әйел ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 17 жастағы бойжеткен Оралдағы колледждердің бірінде 2-курс студенті. Үш ай бойы күдікті кәмелетке толмаған қызды жалдамалы пәтерлерде ер адамдармен кездестіріп, өзінің құйтырқы әрекетін жарнамалар арқылы орналастырған.  Интернеттен клиенттерді тауып туған қызына жеңгетайлық еткені анықталған. Сонымен қатар, анасы барлық түскен қаржыны өзі иемденген.


 Қылмыстық кодекстің 134-бабы (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікке тарту) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жәбірленуші туыстарына тапсырылды,- дейді Ішкі істер министрлігі.