Туған қызын зорлаған әскери қызметкер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

646

Ақтауда бұрынғы әскери қызметкер туған қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталды, - деп "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға туралы "Не молчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. Оның айтуынша, үкімді Астананың әскери соты шығарған.


Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің "Бірнеше рет зорлау", "Бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық" және "Кәмелетке толмағандарға күш пен қысым көрсету" баптары бойынша кінәлі деп танылды.


Қоғам белсендісі атап өткендей, бұрынғы әскери қызметкер өмір бойына бас бостандығынан айырылып, химиялық кастрациялау жазасына кесілген.


"Әкесі ажырасып, басқа әйелге үйленген. Ал қызын алып, жалдамалы пәтерде зорлаған. Қыз анасына айтудан қорыққан. Бірақ анасы мұны білген бойда арыз жазып, істі соңына жеткізуге күші аз екенін білсе де қайтпаған. Себебі ол әскери қызметкер және оның үш адвокаты болған. Осы істі дереу қолға алып, қиын өмірлік жағдайда отбасына қолдау көрсеткен Ажар Әбділге көп рахмет!",- деді Дина Таңсәрі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.