АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

489

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіАймақтағы ардагерлер ұйымының жүйелік құрылымдарын жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


 Бүгін Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісі өтті. Жиынға Алқа мүшелері, тұрақты комиссия төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жалпы, облыстық ардагерлер Кеңесі аймағымыздағы жалпыұлттық идея рухында патриоттық тәрбиелеу беруде, саяси тұрақтылықты сақтауда өз үлестерін қосып келеді.  


Жиынға Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев модераторлық етті. Алқа мәжілісінің күн тәртібінде ардагерлер ұйымдарының әртүрлі бағыттар бойынша атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері таныстырылды. 

Сондай-ақ, тұрақты комиссия мүшелері ардагерлерді әлеуметтік-құқықтық қорғау, медициналық көмек көрсету, сауықтыру және мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтса, Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов аудандық деңгейде атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 


Сонымен қатар, ішкі құрылымды жетілдіру мақсатында облыстық форумды өткізу уақыты келісілді. Жиын соңында белсенді ардагерлерге қолдау көрсету мәселесі қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.