Екібастұздағы зардап шеккен барлық үйлерге жылу берілді

154
Қазір энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жедел штаб басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті. Оның айтуынша, бүгін сағат 08:00-де зардап шеккен барлық үйге жылу берілген. Желілік судың параметрлері: қысымы 8,8 кг/см2, түзу бағытта 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусты құрайды.
"Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылумен қамтуды қалыпқа келтіру үшін барлық күштерді жұмылдыруда. Өкінішке орай, соңғы күндері орын алған оқиғалардың нәтижесінде болған гидравликалық режимнің теңгерімсіздігі, соның ішінде тұтынушылар мен ПИК-тердің жылу тасымалдағыштағы суды рұқсатсыз ағызуы бұл жұмысты қиындатты", — деді Роман Скляр.
Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.
27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын айта кетейік.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.