Бір топ оқушылар соққыға жыққан ер адам мерт болды

1 648

Шымкентте бес баланың әкесі мектеп оқушыларынан оңбай таяқ жеп қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


9 қыркүйекте базар маңында бір топ оқушы  белгісіз ер адамды аяусыз ұрып-соққан. Салдарынан 39 жастағы ер кісі  оқиға орнында мерт болды.  Бір топ оқушының озбырлық әрекеті жауапсыз қалуы мүмкін деген оймен, жұбайы "Көреміз" бағдарламасынан көмек сұрап келді.


«Бұл балалар қыздардың алдында өзін көрсеткісі келіп, сол жерде құлатып, быт-шытын шығарып кетеміз деген оймен істеген ғой. Жарты сағаттай төбелес болған. Тағы екі бала келген. Олай келмей тұрып күйеуімді ұрған. Төбесінен жұдырықтап ұрған. Сол жерде үлкен кісі ғой деп тастап кетсе болады ғой. Жоқ, бұлар жалғастырып ұрған, бір-біріне лақтырып, сүйреген», – дейді марқұмның әйелі Алтынай Айтқұлова.   


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.