АРАЛДА «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТТІҢ» БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ
144
Бүгін Арал қаласында «Банк Центр Кредит» банкінің бөлімшесі ашылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Орталыққа аудан әкімі арнайы барып, жаңа нысанның жұмыс барысымен танысты.
Айта кетейік, «Банк Центр Кредит» Қазақстан нарығында 30 жылдан аса уақыттан бері қызмет етіп келді. Бүгінде еліміздің барлық аймағында дерлік 130-дан аса филиалдық желісі бар.Банктің корреспонденттік желісіне 40-қа жуық шетелдік банк кіреді, ол арқылы сіз әріптестеріңізбен дүние жүзі бойынша есеп айырыса аласыз.
Орталыққа аудан әкімі арнайы барып, жаңа нысанның жұмыс барысымен танысты.
«Біз аудан тұрғындары мен жеке кәсіпкерлердің таңдау еркіндігі болу үшін жыл басында «КМФ» шағын қаржы ұйымының өкілдігінің ашылуын қаматамасыз етсек, енді «Банк Центр Кредит» банкінің ауданымызда ашылуына ықпал жасадық. Қазіргі таңда ауданымыздағы халық саны жыл санап артып, кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Сондықтан да аралдықтар үшін осындай қаржы ұйымдарының көптеп ашылуы біздің халқымыз үшін қолайлы болмақ. Жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тілеймін»,- деді Серік Сағитжанұлы.
Жаңадан ашылған «Банк Центр Кредит» бөлімшесі ауданның 11 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыған. Қазірдің өзінде 130 млн. теңгені құрайтын 33 кәсіпкердің жобасы несиелендірген. Айта кетейік, «Банк Центр Кредит» Қазақстан нарығында 30 жылдан аса уақыттан бері қызмет етіп келді. Бүгінде еліміздің барлық аймағында дерлік 130-дан аса филиалдық желісі бар.Банктің корреспонденттік желісіне 40-қа жуық шетелдік банк кіреді, ол арқылы сіз әріптестеріңізбен дүние жүзі бойынша есеп айырыса аласыз.