Қызылордада оқушыға жыныс мүшесін ұстатты деген күдікпен мұғалім қамауға алынды
Қызылордада қала мектептерінің бірінде кәмелетке толмаған оқушыға жыныс мүшесін ұстатты деген күдікпен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қамауға алынған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға желтоқсан айының 6-сы күні орын алған. Қала тұрғыны 102 арнасына хабарласып кәмелетке толмаған оқушыға Қызылорда қаласының білім бөліміне қарасты мектебінің дене шынықтыру пән мұғалімі тарапынан сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеті жайында хабарлама түскен. Жедел тергеп-тексеру әрекеттері аясында күдікті деп танылған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қамауға алынған. Алайда қалалық білім бөлімі
Десе де Қызылорда қаласына қарасты полиция департаменті
Осы бір жантүршігерлік оқиғаның салдарынан бірқатар лауазымды тұлғалар қызметтерінен босатылады ма? Алайда бұл мәселенің түйінін тарқата ала ма? Болған оқиға туралы жоғарыда айтқанымыздай, барлық баспасөз құралдары мен әлеуметтік желілер жарыса жазды. Сондықтан біз бұл жағдайдың қалай өрбігені жайлы тәптіштеп жатудан аулақпыз. Алайда мұндай әрекеттің ендігәрі қайталанбауына кім кепілдік бере алады? Жылы орынға жайғасқан басшыларымыз орны ауысса да мәселе оңалмаса не қайыр?
Қоғамның қазіргі жағдайында, қоғамдық сананы жаңғырту басты мәселе. Соңғы кезде облысымызда жиі орын алып жатқан оқиғалар бүкіл қазақтың намысын таптап, өрімдей қыздардың арын төгіп, ер азаматқа деген сенімді жоғалтқандай. Сонда біз өз ер азаматтарымыздан қорғануымыз керек пе? Бүгінде барлық оқу орындарында жас ұрпаққа рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық тәрбие берілуде. Бірақ балаға зорлық-зомбылық жасайтын адамды калай танып білеміз? Біздегі идеологияның дамыған сатысы осы болғаны ма?
Педофилдердің озбырлығына ұшырап, соңы өліммен аяқталған жағдайлар өкінішке орай көп кездеседі. Осындай жағдайға душар болған «он екіде бір гүлі ашылмаған» өрімдей балғындардың ертеңгі күні не болмақ? Алдымен осыған баса ден қойғанымыз жөн секілді. Психологиялық ауыр соққы алған олар келешекте қоғамға бейімделіп кете ала ма? Мәселе осында жатыр. Себеппен күрескенде салдарына да мән бергеніміз абзалырақ.