Пошта арқылы жіберілген есірткіні сатпақ болған

158

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қалалық Авиациялық көлік прокуратурасымен бірлесіп аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасының жолы кесілгені туралы мәлімдеді. Тұрғындар АҚШ-тан пошта арқылы жіберілген есірткіні алған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


2 қазанда Алматы қаласында қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Қала тұрғындарынан АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алғаннан кейін жалпы салмағы 648,98 грамм "марихуана" және 675,65 грамм "гашиш" есірткі заттары табылған.

“Аталған адамдар Telegram мессенджері арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған. Тінту барысында электрондық таразылар мен өлшеп орауға қажетті басқа да құралдар табылды”, – делінген хабарламада.
 

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.