ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

382
Биыл облыс аумағындағы су айдындарында 21 адам қаза болды.Оның 7-і жасөспірім бала , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауға және белгіленбеген аймақта суға түсуге болмайтынын ескертеді.

"Суға шомылу маусымы басталғалы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің көмегімен 7 адам құтқарылды. Қазіргі таңда құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қала және аудан аумағында орналасқан су айдындарында күшейтілген режимде рейд жұмыстарын жүргізуде. Тексеріс барысында ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу бойынша 27 адамға ескерту берілді. Ал қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкен 2 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық білім басқармасымен бірлесіп, қауіпті деп танылған 4 модульді-қаңқалы бассейн алынып тасталды. Сондай-ақ 12 мыңнан астам оқушыға қауіпсіздік ержелері бойынша 89 интерактивтік сабақ өткізілді. Суға шомылу маусымы аяқталғанша қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады", деді Қызылорда облысы ТЖД басқарма бастығы Асхат Тоғызбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.