Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин мен бауыры Ерланның қылмыстық іске қатысы бар екені анықталды
Нұрлан Нығматуллин мен егізі Ерланның рейдерлік жайлы қылмыстық іске қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazTAG басылымына сілтеме жасап.
Ерлан Нығматулинмен арадағы жанжалдан кейін 2012 жылы балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков 21 жылға сотталып, оның 10 жылын түрмеде өткізді.
Қарағанды облысы аймақтық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі Николай Абт кәсіпкер мен Нығматулин арасындағы жанжал 2011 жылы Сұлтанбеков қаладағы жемқорлық мәселесін көтерген соң басталғанын айтады. Кейін Балқаш прокуратурасы қаланы абаттандыру бойынша тендерлер өткізу кезіндегі өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Қарағанды облысы бойынша қаржы полиция департаменті жүргізген сараптамадан соң мемлекеттік тапсырыс негізінде республика қаражатының шығындалғаны белгілі болды.
2012 жылдың 27 желтоқсанында Балқаштан Астанаға барар жолда Сұлтанбеков заңсыз қару ұстағаны үшін ұсталды. Тергеу 6 күнде аяқталып, кәсіпкер 3,5 жылға сотталды. Кейін бұл жаза 21 жылға айналған. Жазасын өтеу кезінде Сұлтанбековтің үстінен тағы 5 қылмыстық іс қозғалды. 2022 жылы, 10 жылдан кейін кәсіпкерге қатысты 3 қылмыстық іс қайта қаралып, ол ақталып шықты.
Адвокат Юлия Джафарованың сөзінше, Сұлтанбековке қатысты істердің барлығы қолдан жасалған.
Енді қорғанушы тарап Сұлтанбековтің тағы үш іс бойынша да кінәсіз екенін дәлелдемекші.
Нығматулиндердің Қазақстандағы ықпалы туралы айтқан Әлімбаев "мұны уақыт көрсетеді" деді.