ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСШЫЛЫҒЫ НЕНІ ЖАСЫРДЫ?

2 020
Қызылорда қаласының  төтенше жағдайлар департаментінде олқылықтар орын алуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қоғам белсендісі Тәуекел Күзембаев Қызылорда қаласы  төтенше жағдайлар департаментіне арыз беру мақсатында барып,  төтенше жағдайлар департаментінің өзінде шикіліктердің бар екендігін әлеуметтік желіге жариялаған болатын.



«Мен қаламыздағы мемлекеттік орындардың өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау барысында жіберілген кемшіліктерді анықтап, әрдайым хат жолдап отырамын. Алайда, сыбайластық па, ауыз жаластық па, төтенше жағдай өкілдері әрбір арызымды бей-берекет қарауы түсініксіз болып отыр», - дейді қоғам белсендісі Тәуекел Күзембаев.

Алайда, департамент басшылығы көрсетілген кемшіліктердің бәрі реттелгендігін алға тартып, түсірілім жүргізу барысына келісім берген болатын. Десек те,  ғимарат ішіне бөгде кісілердің кіруіне рұқсат беруі үшін жарты сағаттан астам уақыт керек болғаны ма, қызметкерлер келген қонақтарын далада қарсы алып, күннің астында күтіп тұруымызға тура келді. 
Ал, Қызылорда қалалық төтенше жағдай департаменті басшысы Жасұлан Түйменов ғимарат ішінен бой тасаламай, тіпті тілшілерді қабылдаудан бас тартып қызметкерлерін жібергеніне тәнті болдық.
Өзгелердің кемшіліктерін тізбектейтін департамент, өз кемшіліктерін көрсетуден қорықты ма, әлде одан басқа себеп болды ма, оны департамент басшылығы өзі біледі.
Ал, қызметкерлердің бірі ғимарат ішіне түсірілім жұмыстарын жүргізуге болмайды, деп бос ғимаратты аралатудан тайсалмады. Театр әртістерінен кем түспеген қызметкерлер, сақтық шаралары бойынша тіл қатпастан жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ғимаратты шыр айналдырып шыққандығы күмән тудырды.