Оралда көпқабатты үйдің терезесінен тағы бір бала құлап кетті

342

Оралда тағы бір бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Бұл соңғы екі күнде тіркелген екінші жағдай, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға бүгін, 12 шілде күні сағат 10:00 шамасында бесінші ықшам ауданында орын алған. БҚО ТЖД хабарлауынша, екінші қабаттың терезесінен төрт жасар бала құлап кеткен. Ол ата-ананың қарауынсыз қалған. 

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланы ауруханаға жеткізді. Алдын ала қойылған диагноз - жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы, оң жақ маңдайы жұмсақ тінінің зақымдалуы, жабық жамбас-сан және іш жарақаты. Баланың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. 
Айта кетейік, кеше Оралда үшінші қабаттың терезесінен бес жасар бала құлап кеткен еді. Бұл бүлдіршін де үлкендердің қарауынсыз қалған.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.