Көлігін шетелдік тіркеуден шығармақ болған тұрғын 7,8 млн теңгесінен қағылды

210
Маңғыстауда көлігін зандастырмақ болған тұрғын 7,8 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Мұнайлы ауданының тұрғыны «көлік құжаттарын Грузия елінің есебінен шығарып, ҚР есебіне тіркеп, рәсімдеймін» деп уәде беріп, кейін сөзінде тұрмаған алаяқтың құрығына түсіп қалды. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 7,8 млн теңгені құрайды.

 Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Бейнеу ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

 Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.