Жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды

248

Павлодарда екі көлік соғысып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Жол-көлік оқиғалары сенбі күні кешке Шідерті кенті мен Ақсу ауылдық аймағында болған. 
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, Шідерті кентінен 10 шақырым жердегі оқиға туралы хабар сағат 21:22-де түскен.


Мұнда екі көлік соғысып, нәтижесінде біреуі өртенген. Медиктер 9 минутта жетті. 7 жастағы бала көмек келгенге дейін көз жұмған, - деді 103 қызметінде.


2 және 5 жастағы тағы екі бала, 24 жастағы ер адам мен 30 және 51 жастағы әйел адамдар Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.


Екінші жол апаты сағат 22:00 шамасында Ақсу қаласынан 25 шақырым жерде болған.

Екі көлік соқтығысынан 5 адам зардап шекті. Жедел жәрдем топтары бірінші санаттағы жеделдікпен 13 минутта жетті. 2 және 6 жасар балалар мен 40 жастағы әйел адам алған жарақаттарынан көз жұмды, - деді 103 қызметінде.


40 және 58 жастағы ер адамдар Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.