9-сынып оқушысы соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті

1 525

Фото: Opennews.kz ЖИЖамбыл облысында жоғарғы сынып оқушысы соққыға жыққан жасөспірім комаға түсті. Баланың жансақтау бөлімінде жатқанына екінші тәулік болды. Оның миы мен өкпесі ісінген, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

"Науқастың жағдайы өте ауыр, тұрақсыз күйде қалып отыр. Ол медикаментозды комада, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазіргі уақытта толық көлемде қарқынды терапия жүргізіліп жатыр. Жағдайына байланысты қалаға тасымалдауға әзірге болмайды", - деп хабарлады Жамбыл аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленов.

14 жастағы жасөспірім аудандық ауруханаға сенбі күні кешке түскен. Куәгерлердің айтуынша, оны сол жерге басқа балалар алып келген. Оқушының жүрегі тоқтап қалған, алайда дәрігерлер оны қайта соқтыра алды.

Оқиға Бірлесу-Еңбек ауылындағы клубтың жанында болғаны анықталған. 11-сынып оқушысы 9-сынып оқушысының кеуде тұсына бірнеше соққы жасаған делінеді. Ауылда әлімжеттік туралы айтылып жатыр.

Болған жағдайға байланысты полиция жауап берді.

"Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс екі кәмелетке толмаған баланың арасында жанжал шығып, соның барысында біреуі екіншісіне соққы жасаған", - деді Жамбыл облыстық ПД бастығының орынбасары Әсет Оспанов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.