Психолог ата-аналарға баланы мектепке қалай дайындау керек екенін айтты

473

Психолог Елена Болдырева ата-аналарға оқушының сабаққа барғысы келмейтінін түсініп, оған жанашыр болуға шақырды деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: pixabay.comОқушының бастапқыда сабаққа барғысы келмеуі – қалыпты дүние. Өйткені ересектер де еңбек демалысынан кейін «Тағы бір апта демалғанда ғой» деп айтатыны бар. Мұндайда маман балаға қарсы сөз айтпай, әңгімені «Демалыс ұзаққа созылса жақсы болар еді» деген сөздермен бастаған дұрыс екенін атап өтті. Сарапшы «Известияға» берген сұхбатында айтқандай, баламен сөйлесу маңызды. Өйткені оны күрделі проблемалар алаңдатуы мүмкін. Мысалы: сыныптастарымен немесе мұғаліммен нашар қарым-қатынас. Сондай-ақ маман кейін шаршаған кезде энергияны қалпына келтіру үшін демалыстағы жағымды естеліктерге толы фотосуреттерді жинап жүруге кеңес берді. Сонымен қатар мектеп атмосферасына көбірек назар аударуды ұсынды.

«Ата-ана балаға көмектесуге әрқашан дайын екенін жеткізуі керек», – дейді сарапшы.


Сонымен қатар психолог ата-аналарға іштей уайымға берілмеуге шақырды: олар көбіне балаға қарағанда мектепке көбірек алаңдайды. Сосын балада қорғаныс реакциясы іске қосылып, мектепке барғысы келмеуі мүмкін.

Психологтер оқушының сабақ оқитын жерін жаңартып, баланың киімін немесе рюкзактарын бірге барып сатып алу жаңа оқу жылын жақсы бастауға көмектесетінін айтты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.