Жол сапасы партия бақылауында

1 501

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, Партияның облыстық, қалалық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссияларының төрағалары Нұркен Бақытбекұлы мен Мейрамбек Есжанов, облыстық, қалалық мәслихаттардағы депутаттық фракция мүшелері партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи көшесін Ә.Бөкейхан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейінгі және Жаппасбай батыр көшесін Қорқыт Ата көшесінен көлік жол айрығына дейін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, жолдың сапасына бақылау жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қожа Ахмет Яссауи көшесін Ә.Бөкейхан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін жаңғырту жұмыстары мауысым айында басталды. Келісім шарт бойынша желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Құрылыс жұмыстарын «Қыран» ЖШС-і жүргізуде. Жол құрылысы жұмыстарының 50 пайызы аяқталған. Ал, Жаппасбай батыр көшесінің жаңғырту жұмыстарын «УАД» мекемесі қолға алған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Мердігерлер уақытынан бұрын аяқтаймыз деп отыр.


Жалпы екі нысанда да жұмыс сапасы көңілге қонымды. Қаржы, материал жағынан кедергі жоқ. Жұмыс күші, техника жеткілікті. Жұмысшылардың айлық жалақысы барлығы уақытылы төленуде.


Мониторинг барысында партия филиалының төрағасы Алмабек Есмаханов мердігерлер мен тапсырыс берушілерге жол сапасының дұрыс болуы мен мерзімінде ел игілігіне табысталуын тапсырды.