Әйелін ұрған еркектер 10 жылға сотталмақ

1 045
Сенат отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуге арналған заңды қабылдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің жүгі артады. Атап айтқанда, денсаулыққа ауыр зиян келтіру (Қылмыстық кодекстің 106-бабы) мен ауырлығы орташа зиян келтіру (Қылмыстық кодекстің 106-бабы) әрекеттері бойынша жаза күшейтіледі.


Жәбір көрген адамның материалдық жағынан тәуелді болғаны да ескеріледі.


"Материалдық немесе өзге де тәуелді адамға қатысты іс-әрекет жасау" деген сараптама белгілері де қаралады. Осылайша, қылмыстың ауырлығы мен санкциялары артады, - деді Ахметжанов сенатта өткен отырыста.


Қылмыстық кодекстің 107-бабы (ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша онша ауыр емес қылмыстар ауырлығы орташа санатқа ауыстырылады. Ал жазасы 3 жылға бас бостандығынан айыруға дейін күшейтіледі. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 106-бабы (ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша жаза өзгереді.


Мәселен, қазіргі кезде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оны 6-10 жылға дейін ұзарту жоспарланып отыр.


Айта кетері, бүгін сенат заңды бірден екі оқылымда қабылдады. Құжат президенттің қол қоюна жіберілді.