Өз қаржысына бронежилет өндірісін ашқан қазақ қызы Украин сарбаздарын қамтамасыз етуде
218
Украинада Мадина Каттер есімді қазақ қызы бронежилет өндірісін ашып, сарбаздарға көмектесуде, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл деректермен қоғам қайраткері Мұрат Әбенов facebook парақшасында бөліскен болатын.
Былтыр 24 ақпанда соғыс басталғаннан кейін Мадина Берлиндегі жұмысын тастап, Украинадағы еріктілерге, фельдшерлер мен журналистерге арналған бронежилет шығаратын Bulletproof Ukraine (Оқ өткізбейтін Украина) компаниясын құрады.
27 жастағы Мадина Қазақстанда туып-өскен. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң бір жылдан кейін Австрияға, содан кейін Германияға көшеді. Ол өзінің соғыс басталғанға дейін Берлинде тамаша өмір сүргенін айтады.
Мадина 2021 жылы өзінің Киевте өмір сүруді қалайтынын түсінгенін айтады. Оны украиндардың жұмысқа деген көзқарасы, шығармашылығы, технологиялық прогрессі, көрегендігі өзін қатты шабыттандырған. Осы қалада жаңа достарды да тез тапқан ол әр ай сайын он күнге ұшып келуді әдетке айналдырады.
24 ақпанда (Ресей Украинаға басып кірген күн – ред.) бәрі өзгеріп сала береді. Мадина ерікті болу үшін жұмысынан шығып, кетуге мәжбүр болғандарға баспана мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге көмектесе бастайды. Ол күніне миллион түрлі жұмыспен айналысқанын еске алады.
Қазақстандық барлығының өте жылдам қарқында жүзеге асқанын айтады. Ол мүлдем бейтаныс азаматтардың көмегінің арқасында кез келген қажетті затты тез тауып алғанын еске алады.
Қазақстандық қыздың батыл әрекеті желі қолданушыларын да сүйсіндірді. Мадина өз кезегінде Украинада біраз жыл жұмыс істеп, елдің экономикасына көмектескісі келетінін жеткізген.

2014 жылы Украинаның шығысында соғыс басталды. Осыған байланысты ата-анам ол жаққа баруға тыйым салды, бірақ мені биліктің ауысу процесі, майдан қызықтырды. Бұл өте әсерлі болған еді: посткеңестік елдің тарихында алғаш рет ресейшіл билік ауысып жатыр және оны халық өзгертуде. 2015 жылы мен Австрияда оқып жүргенімде сыныптастарым қысқы демалысқа Батыс Еуропаға кетті, ал мен Киевке баруға бел будым. Мен ата-анама Польшаға баратынымды айттым да, өзім Киевке Жаңа жылды қарсы алуға аттандым. Мен сапардан керемет әсер алдым, 2021 жылға дейін мен онда тағы үш рет болдым, – дейді қазақстандық.
Мадина 2021 жылы өзінің Киевте өмір сүруді қалайтынын түсінгенін айтады. Оны украиндардың жұмысқа деген көзқарасы, шығармашылығы, технологиялық прогрессі, көрегендігі өзін қатты шабыттандырған. Осы қалада жаңа достарды да тез тапқан ол әр ай сайын он күнге ұшып келуді әдетке айналдырады.
24 ақпанда (Ресей Украинаға басып кірген күн – ред.) бәрі өзгеріп сала береді. Мадина ерікті болу үшін жұмысынан шығып, кетуге мәжбүр болғандарға баспана мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге көмектесе бастайды. Ол күніне миллион түрлі жұмыспен айналысқанын еске алады.
Бұл мені қатты шаршатты және өзім бүкіл назарымды бөлетін істі тапқым келді. Сол кезде оқ өтпейтін жилет өндірісіне кірісуді жөн көрдім. Біріншіден, бұл сала, мысалы үшін гуманитарлық көмек жинаудан гөрі күрделірек және қиынырақ еді, ал бұл саламен айналысатын адамдар өте аз болды. Алайда сұраныс өте жоғары еді. Қажетті қорғаныс түрі бар кеудешелер жоғары бағаға сатылды, олар бірден сатылып кетті, оларды Украинаға жеткізу өте қиын болды. Осы олқылықтардың барлығына байланысты мен Украинада өндіруді шештім. Мен дереу Рост есімді досыма қоңырау шалдым. Жобаға серіктес іздегенімде ол бірден ойға оралды, өйткені маған бірінші атқылау қаупінде қашып кетпейтін мықты адам қажет еді. Содан кейін оның бірнеше жыл кадет училищесінде оқығаны, оның туған қаласы Черкассыдағы байланыстары бізге металл өндірісін табуға көмектесетіні белгілі болды. Айымыз оңынан туып екі күннен кейін біз өндірісті тауып, бронежилеттің прототипін жасай бастадық, – дейді Мадина.
Қазақстандық барлығының өте жылдам қарқында жүзеге асқанын айтады. Ол мүлдем бейтаныс азаматтардың көмегінің арқасында кез келген қажетті затты тез тауып алғанын еске алады.
Соғыс басталғаннан кейін екі аптадан кейін біз бірнеше болат прототиптеріне тапсырыс беріп, оны сынауға кірістік. Сонымен бірге Instagram желісінде қаражат жинау науқанын бастап, бірінші партия үшін 6000 еуро жинадық, – дейді Мадина Каттер.
Қазақстандық қыздың батыл әрекеті желі қолданушыларын да сүйсіндірді. Мадина өз кезегінде Украинада біраз жыл жұмыс істеп, елдің экономикасына көмектескісі келетінін жеткізген.