Қазақстанда қандай шетелдік көліктерді сақтандыруға тыйым салынған?

332

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шетелдік көліктерді сақтандыруға қатысты Қазақстанның сақтандыру компанияларына бірнеше талап қойып, арнайы міндеттейтін хат жолдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Экспресс Ксайтына сілтеме жасап.


Kolesa.kz порталының жазуынша, ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден көлік алып келген азаматтар темір тұлпарын Қазақстанда тіркемейінше оларға сақтандыру компаниялары қызмет көрсетпейді және олармен келісім-шарт жасасуға тыйым салынды.


Сондай-ақ Ресейде тіркеуден алынып, бірақ біздің елді тіркелмеген көліктерге де осындай талап қойылған. Ондай көліктердің саны елімізде 100 мыңға жуықтайды.



Айта кетейік, бұл тыйым қазіргі таңда ресейлік тіркеуде тұрған көліктерге қолданылмайды. Олар Қазақстан аумағында емін-еркін жүре алады және оларға сақтандыру компаниялары қызмет көрсете береді.

Елімізде ешкімнің атында жоқ, тіркелмеген көліктерді басқаруға тыйым салынған. Заң бұзғандар ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы бойынша жауапқа тартылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, ал көлік арнайы тұраққа жіберіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.