Полицияға 2 миллион теңгенің сағаттары неге керек болды?
Маңғыстау облысының Полиция департаменті 80 әйелдерге және 100 ер адамға арналған алтын жалатылған сағат сатып алмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұған бюжеттен екі миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Lada.kz сайты бұл сыйлықтар кімге арналғанын анықтады.
Мемлекеттік сатып алулар сайтында Маңғыстау облысының Полиция департаменті сағат сатып алу туралы хабарландыру жариялаған. Құжаттарда сағат алтын жалатынған болуы керек екені, ал аксессуардың бауы бұзау терісінен жасалуы керек деп жазылған.
Сағаттың әрбір данасы 11 мың теңге тұрады. 80 данадан тұратын әйелдер сағатының жиынтығына ведомство 880 мың теңге, ал жүз ерлер сағатына - 1,1 миллион теңге бөлуге дайындалып отыр.
Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінде ведомство осындай сағаттарды ерекше көзге түскен құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне мереке күндері сыйлайтынын түсіндірді.