Ер адам полицейдің басынан шәйнекпен ұрған

1 834

Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасына Жетісай ауданының тұрғыны хабарласқан. Оның сөзінше, әпкесін жездесі қорлап, ұруға тырысқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Учаскелік полиция инспекторлары айтылған жерге тез арада барып, заңсыз әрекеттердің алдын алуға тырысып, ер адамға ескерту жасаған. Алайда тұрғын тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, қорлап, балағат сөздер айтқан. Содан кейін ер адам полицейге қарсылық көрсетіп, шәйнекпен басынан ұрған.


Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексі 380-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

"Бұл баптың санкциясы бойынша 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жаза не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр және оқиғаның мән-жай анықталады. Сайрам ауданының полиция қызметкері медициналық тексерістен кейін қызметтік міндетін орындауға қайта кірісті", - делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.