"Демалып жатқан жерінен шақырып алған": Павлодардағы әскери бөлімде сарбаз қайтыс болды

304
Кеше Павлодардағы 6679 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет еткен Айбек Тұрсымбаев есімді сарбаз мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz редакциясына марқұмның туысы.

Қайырлы күн! Кеше Павлодардағы 6679 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген 32 жастағы сарбаз қайтыс болды. Бір қызығы ол демалыста жүрген. Демалып жатқан жерінен КАМАЗ жөндеуге шақырып алған. КАМАЗ-дың дөңгелегін үрлеп жатқанда, дөңгелек жарылып, сарбаздың басын жұлып әкеткен”, - деп хабарлады аты-жөнін атамауды сұраған сарбаздың туысы.

Қайтыс болған жігіттің соңында әйелі мен қызы қалды. Әйелінің екінші балаға аяғы ауыр (8 ай). 

Осындай заңсыз әрі қайғылы жағдай жабулы күйінде қалмаса екен”, - деп өтінді хабарласқан кісі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.