Аралда ауылдарда күн сәулесі электростанцияларын орнату жобасы іске асырылмақ

29

Аралда ауылдарда күн сәулесі электростанцияларын орнату жобасы іске асырылмақ,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев « Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ, бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жар¬лыққа қол қоямын. Осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған бар¬лық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз» – деген болатын. Расында ауылдарды дамыту мемлекеттің дамыуының алғышарты болары сөзсіз. Бұл бағытта Арал ауданында тыңғылықты жобалар қолға алынып, ауылдардың инфроқұрылымдық дауына айрықша мән берілуде. Жолдар жөнделіп, ауылдағы кәсіпкерлік деңгейі де айтарлықтай өсті.

Жалпы инвестиция саласы бойынша аудан көлемінде біршама жұмыстар атқарылған. Барлығымызға белгілі әлемдегі  геосаяи жағдайларға байланысты экономикалық  қиындықтарбіздің елімізді де айналып  өтпей қойған жоқ. Ауданымызда жоспарланып отырған бірнеше  инвестициялық  жобалардың  іске қосылуына кедергілер келтіргені де белгілі. Дегенмен,  атқарылған  табанды  жұмыстардың нәтижесінде жыл  ішінде  ауданға  тартылған инвестиция  көлемі артып, 2022 жылы ауданға 16,7 млрд. теңгеге инвестиция  тартылып, өсім 102,1 пайызды  құрады. Инвестицияның  басым  бөлігі,  яғни 71  пайызы  ауылдық  елді  мекендерге  тартылса, бюджет қаражатына  деген  тәуелділікті  төмендету  мақсатында, тартылған  инвестицияның 50,0 пайызы  жеке  сектор  қаражаттарын құрады. Ал 41 пайызы бюджет қаражатына, 9 пайызы қарыз қаражаттарына тиесілі болды. Салалық  бөліністе инвестицияның 37 пайызы,  яғни 4,5 млрд  теңгесі  өнеркәсіпке салынған. 

Сонымен қатар қаржы-салық саясаты да аудан үшін маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Есепті жыл ішіндегі ауданның кірісі 5,1 млрд теңгеге жетіп, 105,0 пайызға  артық  орындалды.  Оның  ішінде  өз  түсімдеріміз 3,2 млрд  теңгені құрады. 

Ал өнеркәсіп саласы бойынша аудандағы өнеркәсіп орындары 24,6 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өсім 23,9 пайызға артты. Өндірілген  өнеркәсіп  өнімдерінің  70,0  пайызы  өңдеу  саласына  тиесілі. Есепті  мерзімдегі өңдеу  өнеркәсібінің  өсімі 25,7 пайызғатау кен өндірісінің өсімі 38,4  пайызға  жетті.

Индустрияландырудың ІІІ  бесжылдығының  аясында 1620  адамды  жұмыспен  қамтитын 162,2  млрд  теңгенің  9 жобасы іске  асырылып,(«Aral sea food» ЖШС-нің «Балық қалдықтарын қайта  өңдеу цехын  салу» жобасы, «Қамыш Орда» ЖШС-нің «Қамыс шатыр»  жобасы, «QAZAG Camel»  ЖШС-нің «Түйе  сүтінен  құрғақ ұнтақ дайындау зауытын  салу» жобасы, «Арал сода» ЖШС-нің «Кальцийлендірілген  сода зауытын  салу»  жобасы, «Жак Нұр» ЖШС-нің «Титан өндіру  бойынша кенбайыту комбинаты» жобасы, Халықаралық АҚҚ және БШ Қазақ ғылыми зерттеу институтының «Балық және құм өсіру» жобасы, «Арал СДО» ЖШС-нің «Тауарлы балықты өсіру және тереңінен өңдеу кешені» жобасы)өткен жылы оның3,6 млрд теңгенің 2 жобасы  іске  қосылып, 268 адам  жұмыспен  қамтылды(«Ас тұзын өндіру бойынша ІІІ испан цехы» жобасы: құны 2,9 млрд теңге, жұмыс орындары 198 адам; «Кварц құмын өндіру бойынша тау-кен комбинатының құрылысы» жобасы: құны 790,0 млн теңге,жұмыс орындары 73 адам). Қалған 7 жоба бойынша  жұмыстар жалғасын тауып келеді.

Сонымен  қатар, 426 адамды қамтитын 7,3 млрд теңгенің 5 жобасын индустрияландыру  картасына енгізу үшін қосымша ұсынылуда («Арал полимер» ЖШС-нің «Қап өндіру зауытын салу» жобасы, «Арал кварц» ЖШС-нің «Құрғақ құрылыс  ұнтақтарынөндіру зауыты»  жобасы, «ДК Алпысбаев»  ЖШС-нің «Мал бордақылау  алаңы және шұжық  өндіру  цехы» жобасы, «Асфур» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ  дайындау цехы»  жобасы, «Арал теңізі» ҚҚ «Полимер қалдықтардан құмды  полимер  плиткасын өндіру» жобасы).

Ел экономикасын дамытушы күштердің бірі кәсіпкерлік саласы екендігі белгілі. Осы тұрғыда ауданда жыл көлемінде көптеген кәсіпкерлік нысандар бой көтеріп, экономиканың дамуына біршама үлес қосып келеді. 2022 жылы ауданымыз бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6038 бірлікті құрап (заңды тұлғалар – 278, дара кәсіпкер – 4507, шаруа қожалықтары - 1253), есепті кезеңмен салыстырғанда 35,1 пайызға өскен. Ал, жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 5751 бірлікті құрап, 43,6 пайызға көбейді.Жалпы тіркелген  субъектілердің ішінен жұмыс  жасап тұрғандарының  үлесі 95,2  пайызға  жетті(облыстық  көрсеткіш 93,4 пайыз). Өткен  жылы Арал қаласында аудандар арасында орталықтандырылған «Кәсіпкерлік үйі» алғаш болып ашылды. Қазіргі таңда, нысан кәсіпкерлерге және кәсібін бастаймын деген азаматтарға бизнес кеңес беру секілді қызмет түрлерін бір орталықтан көрсетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ жаңа нысан бірнеше мемлекеттік мекемелер мен «Кәсіпкерлік Палатасы» өкілдерінің басын қосты. Аудан тұрғындарына таңдау еркіндігі болуы үшін «КМФ» шағын қаржы ұйымы мен «Банк Центр Кредит» және«Еуразиялық» банкінің  қаламызда бөлімшелері ашылса, «Халық» банкі заманауи талаптарға сай жаңа ғимаратқа көшті.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелендіру бойынша жыл көлемінде ауданымызда мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 1910,7 млн. теңгенің  142 жобасы несиелендірілді. Атап өтер болсақ, «Атамекен» шағын несие ұйымы арқылы 48,6 млн тенгенің 9 жобасы, «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы құны 110,5 млн. теңгені  11 жобасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы құны 134,6 млн теңгенің 13 жобасы, «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы құны 273,0 млн теңгенің 29 жобасы, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі қаржы ұйымдары арқылы құны 1344,0 млн. теңге болатын 77 жобасы. Одан бөлек 74,0 млн. теңгенің 7 жобасы оң шешімін алып отыр:

«Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы құны 103 млн. теңгенің 22 жобасы;

«Агралық несие корпорациясы» АҚарқылы 11 млн. теңгенің  2  жобасы. ;

«Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 50,0 млн. теңгенің 3 жобасы.

Жыл ішінде «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жобасының» аясында жалпы құны 490 млн. теңге болатын 400 жоба қайтарымсыз грант қаражатын алды. Арал ауданында  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту мақсатында 2022 жылы 42 жоба іске қосылды. Атап өтер болсақ, азық-түлік тауарларын өндіру бойынша - 13 жоба, азық-түлік емес тауарларды өндіру бойынша - 5 жоба, ауыл шаруашылығы бойынша –3 жоба, қызмет көрсету бойынша - 15 жоба, денсаулық  сақтау бойынша - 3 жоба, мектепке дейінгі білім  беру - 3 жоба.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша да көптеген жұмыстар атқарылып, жемісін берген болатын. Агроөнеркәсіп кешені  саласында  2022 жылы еңбеккерлердің  жұмысы  жемісті  болып, ауданымыз «Мал және  балық шаруашылығын дамыту» бойынша аудандар  арасында үздік деп танылды. Өткен жылы13,4 млрд  теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 104,2 пайызды құрады. Былтыр ауылшаруашылығын дамытудың 2022-2024 жол картасын бекіттік. Жол картасы негізінен 3 бағытқа, яғни мал, балық және егін шаруашылығын дамытуға көзделген. Бірінші кезекте жайылымдық, шабындық және суармалы егістік жерлерді суландыру мәселесін алға қойдық. Осы орайда, барлығы 13 су ұңғымасы қазылып, 10 канал тазартылып, 5 гидротехникалық құрылыс (тоспа) салынды.

Екіншіден, егін шаруашылығын дамыту қолға алынды. 2021 жылға дейін ауданымызда екі елді мекенде, егін егіліп келсе, жол картасы аясында бұл көрсеткіш 11 елдімекенді қамтыды. Үшінші бағыт бойынша Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін ретке келтіру үшін Дарияның «Бұрмақұлақ» учаскесін бөгеп, «Аспай» суағытқысын іске қостық. Бұл жұмыстар аталған екі көл жүйесін толтыру және осы көлдерден балығын аулап, нәпақасын тауып отырған тұрғындар үшін үлкен жемісті жоба болды.

Келесі, мал шаруашылығына тоқталсақ. Қазіргі кезде, аудандағы барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында 53,6 мың бас мүйізді ірі  қара, 83,7 мыңбас қой мен ешкі,(оның ішінде: қой 53703бас, ешкі 30083бас), 49,3 мың бас жылқы, 33,3 мыңбас түйе және 4 мыңға жуықбас құс (тауық) бар. Осы мал басын өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 107,3пайызға, жылқы 115,1 пайызға, түйе 108,5 пайызға және құс  109,1 пайызға жетті. Тиісінше, мал шаруашылығынан алынатын өнім еселенді. Жыл көлеміндеет өндіру (тірілей салмақта) 4806,3 тонна, сүт өндіру (сиыр сүті)10583,1 тонна, жұмыртқа өндіру 134,7 мың дана болып, өткен жылдың осы кезеңімен  салыстырғанда ет өндіру 102,4 пайызға, сүт өндіру 102,6 пайызға, жұмыртқа өндіру 102,0  пайызға орындалды. Қазіргі кезде ауданда 7 мүйізді ірі қара, 4 жылқы, 1түйе, 2 қой, барлығы 14 асыл  тұқымды  мал  өсіретін  шаруашылықтар  жұмыс  жасауда. Өткен жылы, «Сыбаға» бағдарламасы аясында 1 шаруашылық 44 бас қазақтың ақбас сиырын,  1 шаруашылық10 бас асыл тұқымды қошқар сатып алып, асыл тұқымды шаруашылықтар қатарын толықтырды.  Агроөнеркәсіп кешенін  дамыту  мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы саласын дамытудың Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Жол картасы аясында 3 бағыт бойынша 30 жоба  іске асырылып, ауданға 792 млн теңге  инвестиция  тартылса, 200-ге жуық  адам жаңа  жұмыс  орнымен  қамтамасыз  етілетін  болады.

Егін шаруашылығы бойынша қазіргі  таңда ауданды егін  шаруашылығына  бейімдеу  жұмыстары қолға  алынуда, 2021  жылы 166,7  гектар  жерге егін  егілсе, 2022 жылы бұл  көрсеткіш 704,2 гектарға жетті. Ал, 2024 жылға дейін 3000 гектарға жеткізуді жоспарлап  отырмыз.

Былтыр аудан бойынша 11,7 гектар жерге картоп, 170 гектарға бақша, 53 гектарға көкөніс және 221,5 гектар жерге жаңа жоңышқа дақылдары егіліп,  73 гектар ескі жоңышқа, 175 гектар күздік жоңышқаорналастырылды. Нәтижесінде дихандар орташа есеппен 163,8 тонна картоп, 636 тонна көкөніс, 2125 тонна бақша өнімдері, 401 тонна жоңышқа алды.Суды тиімді пайдалану әдістері қолға  алынып, Ақирек ауылдық округіндегі «Асхат» және «Нұр-Дана» шаруа қожалықтары подпленка әдісімен 7 гектар жерге бақша дақылдарын, Сексеуіл кентінің жеке тұрғындары 3-4 гектар жерге бақша дақылдарын екті. Ал, Атанши ауылдық округіндегі ЖК Е.Төреханов 10 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен бақша, көкөніс дақыларын орналастырса, Аманөткел ауылдық округінде «Camel Pro» шаруа қожалығы 80 гектар жерге жаңбырлатып суару қондырғысы арқылы жаңа жоңышқа тұқымын септі. Сонымен бірге егістік жерлерді суару үшін 10 дана жылжымалы ДНУ-200/75 дизельді су насостары алынып, пайдалануға берілді.

Су шаруашылығы бойынша 2021 жылдағыдай қуаңшылықтың  алдын алу  мақсатында  бірқатар  шаралар  атқарылды. Атап  айқанда, «Жыланды», «Ералы», «Нұралы жарма» каналдарын қазу  жұмыстары  жалғасып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, республикалық  бюджеттен  бөлінген 145,5  млн  теңгеге Аманөткел ауылдық округіндегі «Қулы», «Ақшақыз» және Ақирек ауылдық округіндегі «Қайролла» каналдарының арналарын тазалау жұмыстары  жүргізілді. Республикалық  бюджет  қаражатына 7 (Тоғыт, Ащықұдық, Сульфат-2, Боранбай, Қазанғап Ата, Мергенсай, Ақбай)және облыстық  бюджет қаражатына 1 (Арал-1)су ұнғымалары қазылып,  пайдалануға  берілді. Ал, бюджеттен тыс қаржыға Қаратерең ауылдық округіне қарасты Баян каналы арнасының 3,8 шақырымы тазаланса, «Құйылыс» қорғаныс бөгетінің 800 метр аумағы құммен қомдалып, бөгелді. Сонымен бірге «Домалақ» көлін суландыратын канал арнасы ашылып, су алуға мүмкіндік жасалды. Облыстық «Қазсушар» РМК-і тарапынан өткен жылы «Ақлақ» су торабына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына 192 млн. теңгеге жуық қаржы тартылды. НәтижесіндеКіші Арал теңізіне суды жіберу және судың тұздылығын төмендету мақсатында, Қарашалаң көлінен бастап Тікаша өңірінен теңізге қарай«Қарашалаң-1» каналының 3,1 шақырым жерді, Қарашалаң көлінен бастап Тәуір өңірінен теңізге қарай «Қарашалаң-2» каналының 12 шақырым жерін тазалау, Бөген ауылдық округіндегі Тұщы көлінен бастап «Сарытерең» каналының6 шақырым арнасын тазалау, Сарытерең көлінен бастап теңізге қарай 3 шақырым канал қазу жұмыстарын жүргізілуде.

Теңізді өлкенің басты байлығы – балық шаруашылығы екені анық.Кіші Арал теңізінде балықтың 19 түрі мекендейді, кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың 17 түрі ауланады.Есепті  мерзім  ішінде,7,7 мың тонна балық  ауланып,4534 тоннабалық  өнімдері  өңделді.Ауданда жылдық қуаттылығы 23900 тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Еврокод белгісін «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі алған. 

2022 жылға «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы, мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға 34 маманға10,4 млн. теңге және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеуге 12 маманға 55,1 млн.теңге қаржы қаралып, толықтай игерілді. 

Құрылыс саласы аудан көркін келтіруші басты жұмыстардың бірі болып табылады. Осы тұста 2022 жылы ауданда 7,0 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, өсім 122,7 пайызды құраса, 29 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп (2021 жылы 27515 шаршы метр), 103,1 пайызға орындалды. «Ауыл-Ел бесігі» жобасыаясында 2021 жылы бастау алған Аманөткел (құны 287,1 млн.тг.) елді мекеніндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, Қамыстыбас (құны-292,4 млн.тг.), Жақсықылышелді мекендеріндегі спорт кешенінің құрылыстары жалғасын табуда. 

Аудан бойынша қазіргі таңда жер учаскесін алуға 7 мыңнан астам адам кезекте тұр. Бүгінде осы кезектілікті азайту мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Арал қаласындағы №5 шағын ауданында электр желісінің құрылысы мен №6 шағын ауданында электр желісінің және су желісінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 567 млн. теңге қаралса, биылғы жылға  құрылыс жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 62 млн. теңге қаржы қаралды.  Бұлар өз кезегінде тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға 2008-2011 жылдар аралаығында кезекте тұрған 1043 тұрғынның өтініштерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруде.  

Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында 2022 жылға барлығы – 2,3млрд.теңге бөлінді (оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,7 млрд.теңге, облыстық бюджеттен – 0,5 млрд.теңге, аудандық бюджеттен – 0,1 млрд.теңге).

Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 жоба жүзеге асырылуда.

Олар: 

- Құны 1,5 млрд.теңге болатын, 2021 жылы (өткен жылға бөлінген қаржы 225,0 млн.тг) басталған аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Жаңақұрылыс»(21 шқ)автожолына бөлінген 680,0 млн.теңгеге құрылыс жұмыстары биыл өз жалғасы табатын болады.

- Құны 747,9 млн.теңге болатын аудандық маңызы бар «Қызылжар-Шөмішкөл» (12 шқ) автожолының құрылысына 273,9 млн.теңге бөлініп, жоба өтпелі. 

- Құны 918,5 млн. теңге болатын «Сазды елді мекеніне кіре беріс» (0-10, 10-21 шқ) автожолын орташа жөндеуге228,0 млн.теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

- Құны 810,6 млн. теңге болатын Бөген-Ақлақ (0-10, 10-20,52 шқ) автожолын орташа жөндеуге387,6 млн.теңге қаралған. 

- Құны 924,7 млн.теңге болатын Қаратерең – Жаңақұрылыс             (0-10,10-23,88 шқ) автожолын орташа жөндеуге148,1 млн.теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

- Жоба құны 505,6 млн.теңге болатын «Қызылжар елді  мекеніне кіре беріс» (15,37 шқ) автожолын орташа жөндеуге 212,3 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жалғасады. 

Бұдан бөлек, жоба құны 961,9млн. теңге болатын облыстықмаңызы бар«Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген (68 шқ)» автомобиль жолы бойынша 23,3 шақырымы орташа жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының аясында келесідей жұмыстар атқарылуда.

- Жоба құны 197,5млн.теңге болатын Сексеуіл кентіндегі № 231 мектептен темір жол өткеліне дейінгі (3,4 шқ) автожолды орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 157,4млн.теңге бөлініп, 2 шақырым жолы жөндеуден өткізілді. Жоба биылғы жылға өтпелі.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен Арал қаласындағы В.Терешкова (13,2 млн.тг), И.Панфилов көшелері (34,5 млн.тг) орташа жөндеуден өткізілсе, қала көшелері (10,9 млн.тг) мен аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Сексеуіл» (21,8 млн.тг) автокөлік жолдары ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Арал қаласындағы темір жол үстінен аспалы көпір салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталады. Сонымен бірге, жоба құны 328,0 млн.теңге болатын Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірге бөлінген 105,3 млн.теңгеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 

Ауыз су бойынша өткен жылы бюджеттен Көнту елді мекеніне ауыз су желісі жүргізіліп, пайдалануға берілсе, 280 млн теңгеге «Сапақ-Көктем» бағытына магистральді су құбыры тартылып, елді мекенге су айдау стансасының құрылысы жүргізілуде. Нысан биыл аяқталып, ел игілігіне берілмек. Құны 2,5 млрд теңгені  құрайтынАқбасты елді мекенін сумен  жабдықтау жобасы аясында Қосаман-Ақбасты бағытындағы жалпы ұзындығы - 117,3 км магистаральды су құбыры және Ақбастының ауылішілік 8,35 км су құбыры тартылған.

Нәтижесінде 74 жеке тұрғын үйге, 5 әлеуметтік, 1 кәсіпкерлік нысанға және ауылдық мешітке су құбырлары орнатылды. 

Көше сәнін келтіруші жарықшамдар екені анық. Осы тұста электр қызметі  және жарықтандыру бойынша ауданда көптеген жұмыстар атқарылып, өз нәтижесін берген болатын. 2022 жылы аудандық бюджеттен  6,2 млн теңге бөлініп, Хан елді мекеніндегі 0,4 кВ әуе желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Сексеуіл кентіне электр желісін жүргізуге облыстық бюджеттен 123 млн. теңге бөлінді. Аталған қаржыға «ҚЭТТК» АҚ арқылы кенттегі проблемалық мәселелері бар көшелердің электр желілері жаңартылып, пайдалануға берілді. 2023 жылы электр сапасын арттыру бағытында Сексеуіл кенті және Бекбауыл елді мекеніндегі электр желілерін жаңарту үшін жоба-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданда бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін Арал қаласы және Қамыстыбас, Аманөткел, Қаратерең, Шижаға, Қарақұм, Аралқұм елді мекендеріндегі 0,4 кВ және 10 кВ әуе желілерін жүргізу құрылыс жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамалар дайындалуда. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы №1(72,8 млн), №8(268,2 млн) мөлтек аудандарға және Жақсықылыш кентінен жаңадан ашылатын мөлтек ауданға электр желісін жүргізуге (181,8 млн) және  Арал қаласына 0,4 кВ электр желілерін жүргізу жұмыстарына (722,3 млн) бюджеттік өтінім тапсырылып, нәтижесі күтілуде. 

Республикалық бюджеттен бөлінген  55,5млн. теңгеге «Арал қаласына кіре беріс» автожолын және 47,5млн. теңгеге қаладағы 5көшеге (Р.Тұрымбетов, Б.Тәңірбергенов, Т.Әубәкіров, Н.Балапанов және А.Қаюпов) жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Ауданды газдандыру мәселесіне байланысты 12 мың халқы бар Сексеуіл кентін газбен қамтамасыз ету мақсатында 3,5 млрд. теңгені құрайтын жоба әзірленіп, былтыр республикалық бюджеттен 900 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы жобаны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұған қоса,«Шижаға» елді мекенін газбен қамтуға аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп,құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі таңда,мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Шалғайдағы «Қосаман» және «Ақеспе»елді мекендерін газбен қамту мақсатында  демеуші есебінен жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатса, алҚамыстыбас ауылында АГРС салуғажобалалық-сметалық құжаттамасы бюджет қаражатынан әзірленуде. Облыстық бюджеттен бөлінген 40,5 млн.теңгеге Арал қаласындағы № 19 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс және күрес залдары газ жүйесіне қосылды. 

Абаттандыру бойынша жоба құны 357,5 млн.теңгеболатын «Балықшылар аллеясына» бөлінген 150,0 млн.теңгеге, «Жалаңтөс Баһадүр» алаңына бөлінген 108,0 млн. теңгеге тиісті құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатса, қаладағы Бақтыбай батыр көшесін абаттандырудың І-кезеңіне бөлінген 17,1 млн.теңгеге жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Жұмыссыздық мәселесі еліміз бойынша маңызды екені белгілі. Осы тұста ауданда жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жалғасын тауып келеді. Ауданда есепті мерзімде жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады. Қазіргі таңда, экономикалық белсенді халық саны 30 772 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 29249 адам. Өткен жылы жұмыс іздеуші ретінде орталыққа хабарласқан 5169 адамның 2298-і тұрақты жұмысқа орналасты. 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 3067 жаңа жұмыс орындары ашылды. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың артуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек бойынша өтініш білдірушілер өткен жылмен  салыстырғанда 24,5 пайызға азайып отыр. 

Аудандағы 50 мектепте 17,6 мың оқушы дәріс алады. Қазіргі таңда, 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымында4119бала тәрбиеленуде. 3-6 жас  аралығындағы  балалардың  барлығы  100  пайыз  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерімен  қамтылған. «Балалар» жылына орай, Арал қаласынан 2 ойын-сауық орталығы ашылып, демеушілер есебінен 6 ойын алаңы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ауданда 5 балабақша  (Арал қаласы және Жақсықылыш кенті, Атанши, Тоқабай, Бөген елдімекенінен) іске қосылып,бүлдіршіндерімізді қуантып отыр.

Ауданымыздың тағы бір үлкен жетістігі облыс орталығында өткен дәстүрлі Тамыз конференциясында «Ұзақбай Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясы» облыстағы білім беру ұйымдары арасында өткен конкурс нәтижесімен жеңімпаз атанып, 34 миллион теңге грант иегері атанды. Былтыр аудан түлектері үшін де табысқа толы жыл болды.  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 651 оқушының мемлекеттік грантқа 532-і қатысып, оның 410-ы жоғарғы оқу орнының, 6-ы облыс әкімінің грант иегері атанды. Бұл көрстекіш өткен жылғымен  салыстырғанда 8 пайызға артып отыр. Шәкірттер бұл жылы да үмітімізді ақтайды деп сенім білдіремін. Урбанизация және демографиялық процестерге байланысты 2025 жылға дейін білім ордалары салу көзделіп отыр. Осы орайда, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2023-2024 жылдары 4 мектеп салынып(Арал-2, Сексеуіл, Жақсықылыш), 1 мектеп күрделі  жөндеуден  өтетін  болады(Арал қаласы - №14 орта  мектептің бастауыш  ғимараты). Сондай-ақ, биылғы  жылы  1  жеке  мектептің құрылысы басталатын болса,  2024-2025 жылдары 4 орта  мектепке  күрделі  жөндеу  жұмыстары  жүргізілетін  болады(№13, №260, №73, №177 орта  мектептер). Ал былтырғы оқу жылында Арал  қаласында 200 орындық мектеп және 100 орындық  интернат пайдалануға  беріліп (№ 71 о/м), апатты  жағдайдағы Тоқабай  елді  мекеніндегі №248  орта  мектептің құрылысы облыс әкімінің қолдауымен демеушінің өз қаражатынан салынуда. 

Денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда орталық аурухана, жүйке аурулар диспансері, Сексеуіл ауылдық  ауруханасы, аудандық емхана, 3 ауылдық емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік- акушерлік пункт, 36 медициналық пункт бар. Аудан халқына қазіргі таңда 142 дәрігер мен 690 орта буынды медицина мамандары қызмет көрсетеді. Ауданда алғашқы рет тіркелген қатерлі ісік аурулар саны өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Денсаулық саласындағы өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру үшінжұмыстар жасалуда. Мәселен, Сексеуіл кентіндегі 40 төсектік аурухана құрылысын жалғастыруға облыстан қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.Сонымен бірге, «Қызылжар», «Бөген»ауылындағы дәрігерлік амбулаторияларды жаңадан салужәне Хан, Көктем елді мекенінің медициналық бекет құрылысы жобалары қолдау тапты.  Ал, Тастүбек, Жалғызағым елдімекендеріндегімедициналық бекеттердіжақын арада ел игілігіне беру жоспарлануда. Бұған қоса, Арал қаласындағы«Байтұрсынов» емханасы жанынан «Қамқорлық» оңалту орталығын ашу мақсатында облыстық бюджеттен күрделі жөндеуге 357 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұдан бөлек, ауданның денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2022 жылы    184 млн. теңгені құрайтын құрал-жабдықтары алынды.  Өткен жылдың қаңтар айында «Компьютерлік томограф» медициналық аппараты іске қосылды.

Бүгінде аудан бойынша 239 спорттық нысан халыққа қызмет көрсетеді. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл басынан бері есепті кезеңде 97 спорттық іс-шара өткізіліп, ауданда  спортпен шұғылданушылар халықтың 38 пайызын құрады (спортпен  шұғылданушылар саны 31228 адам). Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде аудан спортшылары 40 медаль (10 алтын, 19 күміс пен 21 қола) қанжығаларына байлады. Ал, Азия чемпионатында 2 алтын медаль, әлем чемпионатында 1 күміс, 1 қола  медалды  иеленді.

Ауданның қордаланған  әлеуметтік-экономикалық  проблемаларын  шешуге бағытталған 52,4 млрд теңгенің 96 жобасын қаржыландыру үшін тиісті салалық  министрліктерге  бюджеттік  өтінімдер  тапсырылып, аталған жобалардың 2023  жылы 9,1 млрд  теңгесін  құрайтын 14 жобасы іске  асырылатын  болады. Қалған  жобаларды  қаржыландыру  мақсатында тиісті салалық басқармалармен, министрліктермен жұмыстар жалғасатын болады. Индустрияландырудың ІІІ  бесжылдығының  аясында 1352 адамды  жұмыспен  қамтитын 158,6  млрд  теңгенің  7 жобасы іске  асыру. Бұдан бөлек, биылғы жылы  «Тезис» компаниясы арқылы 10 млрд теңгеге жуық  қаржыға ауылдық елді  мекендерде күн  сәулесі электростанцияларын орнату жобасы  іске  асырылатын  болады.