Ауыл әкімі өз үйінен өлі табылды

1 502

Фото: ©temirnewsАқтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжановтың денесі өз үйінен табылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңқияқ ауылының әкімі Қуанышбек Серікжановтың өлімінен кейін тергеу жүріп жатқанын жариялады полиция өзге ақпаратты таратпады.

"1983 жылы туған ер адамның қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қуанышбек Серікжанов 4-ші мамыр күні жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазған. 5-ші мамыр күні арызы қабылданып, жұмыстан босатылған. Қуанышбек Серікжанов 2014 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. 2023 жылдың мамыр айынан Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2023 жылғы 15 қазаннан бастап Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.