Әлемде коронавирустың жаңа түрі – ХЕС тарады
Зерттеушілер әлемге коронавирустың жаңа түрі – ХЕС тарады деп дабыл қағып жатыр. Жақында ол коронавирустың негізгі түріне айналып, алдыңғысын басып озбақ деген болжам бар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі BBС-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ХЕС жаңа ғана басталып жатыр, бірнеше апта мен бір-екі ай өткен соң, күшіне мініп, сырқаттың жаңа толқыны туады.
Мутацияланған ХЕС өткен ковид вирусына қарағанда тезірек тарайды. Ғалымдар қазіргі қолданыста бар вакциналар бұл вирустан келетін ең ауыр зардаптардың алдын алады деп отыр.
Ұлыбритания ғалымы Франсуа Балудың сөзінше, алдағы қыста ХЕС коронавирустың негізгі түріне айналуы бек мүмкін.