Шенеуніктер қандай көлік мініп жүр?
Қостанай облысы әкімінің аппаратының мәліметіне сүйенсек, қазір баланста 10 көлік бар. Оның 75 пайызына шамамен 10 жыл және одан да көп уақыт болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өңір шенеуніктері бүгінде мынадай көлік маркаларын пайдаланып жүр: KIA Sportage, Skoda Rapid, Peugeot 301, Chevrolet Tahoe, Skoda Superb B6, Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200.
Жамбыл облысы әкімдігінің шаруашылық басқару балансында 8 жеңіл көлік бар. Олардың ішінде Mercedes-Benz W222, Hyundai Palisade (екі көлік), Toyota Land Cruiser 200, Toyota Highlander, Toyota Camry 55, Kia Quoris, Toyota Hiace бар.
Әкімдік өкілдері сатып алу кезінде орташа жиынтықтағы автомобильдерге баса назар аударылатынын түсіндірді.