Супермаркет кассирі туыстарына тауарларды тегін өткізіп келген

1 289

Фото: Sputnik / Виктор ТолочкоЖедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 37 жастағы қала тұрғынын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Тергеу барысында полицейлер әйелдің жарты жылдай уақыт елордалық ірі супермаркеттердің бірінде касса қызметкері болып жұмыс істейтінін анықтады. Ол оңтайлы сәтті пайдаланып, өзінің жақын туыстарына кассадан тауарлардың көбісін тегін өткізген. Үш ай бойы дүкеннен жалпы сомасы 4 миллион 370 мың теңге көлемінде тұратын тауарды иемденіп үлгерген.  

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді", - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.