Кызылордалық тұрғын Нәлібаевқа мәйітхананың мәселесін жайып салды
2 528
Облыс орталығындағы мәйітхана қызметтері ақылы болып отыр-, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сыр жұртшылығы өлген адамның денесін кері алу үшін сот медициналық сараптама орталығы ақша талап еткеніне шағымданды. Алайда орталық басшысы бұл әңгімені жоққа шығарып отыр. Көңілсіз әңгіме әрине. Бірақ бұл ерте ме, кеш пе өзекті жан атаулының басына келетін жай болған соң елеусіз қалдырғымыз келмеді.
Өйткені жақыныңды жерлеу – оның отбасы үшін онсыз да үлкен орыны толмас қайғы және қаржылық шығын екені белгілі.
Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институтында ақылы қызметтер түрлері де бар. Бұл туралы «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев мырзаның облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлының сыр халқымен кездесуінде көтерген болатын.
Расында, адам айтса сенгісіз әрекеттердің бірі деп түсінген қалың бұқара үшін, қабырғасы қайғыдан қайысқан азаматтарға жығылғанға жұдырық болғандай. Мысалға жол апатына түскен азаматтың денесі бөлшектеніп қалған жағдайда сараптама жұмыстарын жүргізу барысында зерттерлген мүрдені туған-туыстарына қайтару үшін түрлі медициналық тәсілмен әрлеп беретін қызмет түрі 2013 жылға дейін ақысыз болған. Ал 2014 жылдан бері ақылы қызмет түрін енгізуді Әділет министрлігі мақұлдап бекіткен екен.
Сот медициналық сараптама орталығының тікелей Астанаға бағынатын қазыналық мемлекеттік мекеме. Оның басшысы Серік Молжановтың айтуынша, белгісіз жағдайларда қаза болғандардың мүрдесі құқық қорғау орындарының қаулысынсыз қабылданбайды және де барлық ақылы қызмет түрлері арнайы Әділет министрлігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық қалалары бойынша бір баға ұсынылған дейді.
Сонымен, ақылы қызмет түрлеріне тоқталатын болсақ,
Мүрдені косметологиялық өңдеу (сақал-мұртын қыру)- 1348 теңге, тырнағын алу – 1468 теңге, шашын әрлеу – 778 теңге, бет әрлеуі – 1911 теңге, жуындыру мен киіндіруге - 6941 теңгені құрайды. Ал мәйіттің сыртқы келбетін қалпына келтіру(бас сүйегі, бет әлпеті) - 8256 теңге, дененің бір бөлігінің тұтастығын қалпына келтіру – 6006 теңге, мәйіт денесін бальзамдау – 5162 теңге, ал сараптама жұмысынан кейінгі мүрдені бальзамдау – 13 576 теңге болса, мүрдені мұздатқыш камераларда сақтау сағатына- 392 теңгені құрап отыр. Ал сараптау өткізіліп болған соң денені ағайындары алып кетеді екен.
Өлімнен ешкім қашып құтылмас. Алайда, қазақылыққа салып ақтық сапарға арулап жіберетін ағайындардың қалтасы көтере бермейтіндігі тағы бар.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Біздерде мүрдені сақтау, жуындыру, киіндіру, ішімдікке қатыстылығын анықтау тәрізді ақылы қызмет түрлері министрлігпнен бекітіліп келген бұйрыққа сай көрсетіліп келеді. Өйткені қазыналық мекеме болғандықтан өз-өзімізді қамтамасыз етуге мәжбүрміз.Мен тек сараптаманың жүруіне ғана жауап беремін. Ал қорытынды тегін беріледі. Алайда ақылы қызмет түрлері келісім-шарт ретінде жасалынып, арнайы белгіленген есеп-шотқа төленеді. Бізде қолма-қол ақша беру тәсілі қарастырылмаған.»,- дейді.