Колледж директоры парамен ұсталды

1 459

Фото: istockphoto.comТаразда колледж директоры студентті грантта оқыту үшін пара алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тараз қаласы №2 сотында колледж директоры мен пара берді деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылдың қыркүйегінде колледж директоры өзінің қарамағындағы оқытушы - азаматшадан «ақпараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ұлын грантқа түсіру үшін 80 мың теңге көлемінде пара алған. 

Іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, яғни сотталушылардың, куәлердің айғақтарымен, тінту хаттамасымен, құпия тергеу құжаттарымен және басқа да заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

Колледж директорына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды және параның 25 еселенген сомасы, яғни 2 млн. теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды. Пара берген оқытушыға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып,  параның 15 еселенген сомасы, яғни 1,2 млн. теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.